Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-16 19:14:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ЭКСПЕРТТІК ҚОРЫТЫНДЫ

news single

  «Бюджет үдерістерінің ашықтығы және бәсекелі мемлекеттік сатып алу: мәселелер мен шешу жолдары» атты мақалада мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығы, тиімділігі және бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылған. Мақаланың өзектілігі мемлекеттік сатып алудың бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдаланудағы, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асырылуындағы және адал бәсекелестікті қалыптастырудағы маңызды рөлімен айқындалады.

 

  Автор мемлекеттік сатып алу үдерісіндегі негізгі тәуекелдерді атап қана қоймай, оларды шешудің нақты тетіктерін ұсынған. Материалда шағымдарды қараудың жаңа тәртібі, мүдделер қақтығысының ықтимал тәуекелдері, техникалық ерекшеліктер мен сметаларды сапалы әзірлеу, мемлекеттік мекемелердегі бейінді мамандардың тапшылығы, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің негізділігі және мамандардың кәсіби даярлығы мәселелері қамтылған. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, кәсіби және әдістемелік қолдауды күшейту, сатып алу рәсімдеріне жүргізілетін мониторингтің тиімділігін арттыру мәселелеріне орынды назар аударылған.

 

  Тауарларды жеткізу мерзімдерін нарықтың нақты жағдайларына сәйкестендіру туралы ұсыныстар да адал өнім берушілер үшін тең жағдай қалыптастыру тұрғысынан маңызды. Мақаланың басты артықшылығы – мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді тек бақылау және жауапкершілік тұрғысынан емес, жүйелі әрі кешенді түрде қарастыруында. Автор кәсіби оқыту, цифрлық ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, әдістемелік қолдау және мемлекеттік органдар мен өнім берушілер арасындағы тұрақты диалогты жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары ретінде көрсетеді. Жалпы алғанда, мақала мазмұны жағынан өзекті, құрылымы жүйелі және практикалық маңызы бар.

 

   Онда көтерілген мәселелер мемлекеттік сатып алу үдерістерінің ашықтығын арттыруға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, адал бәсекелестікті дамытуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.

 

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Нұрмағамбетова А.А.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться