Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-10-27 18:46:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Шымкентте балаларға берілетін біржолғы әлеуметтік көмек жыл соңына дейін төленеді

news single

   Шымкентте мүгедектігі бар балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін біржолғы әлеуметтік көмек 2026 жылдың соңына дейін төленеді,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, төлем мерзімінің кейінге шегерілуіне нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттігі себеп болған. Қалалық мәслихаттың таратылуына байланысты тиісті рәсімдер белгіленген мерзімде аяқталмаған.

 

   — Бастапқыда біржолғы әлеуметтік көмекті 25 қазан — Республика күніне орай төлеу жоспарланған еді. Алайда төлем жасау үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажет болды.

 

   Жергілікті мәслихаттың таратылуына және қажетті рәсімдердің аяқталмауына байланысты төлем мерзімі кейінге шегерілді.

 

   Тиісті шешім қабылданғаннан кейін қаражатты 2026 жылдың соңына дейін аудару жоспарланып отыр, — деп хабарлады басқарма.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться