Автор: ADMIN
Мектеп асханаларында жаңа тәртіп: сапа мен бақылау күшейтілді
Қазақстан мектептерінде тамақтану сапасына қойылатын талаптар қатаңдай түсті. Енді асханаларда тек санитарлық талапқа сай өнімдер ғана ұсынылады. Бұл туралы Shalqar.kz Оқу-ағарту министрлігінің ресми жауабына сүйене отырып хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, жеткізушілерден міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) қорытындысы талап етіледі. Сонымен қатар, тегін тамақ алатын оқушылардың есебі толықтай цифрландырылды.
Мектеп асханаларына қатысты былтыр қолға алынған жүйелі шаралар қатарында:
• Тамақтану нормаларын қайта қарау,
• Асхана қызметкерлеріне қойылатын талаптарды күшейту,
• Бракераждық комиссиялар арқылы күнделікті бақылау орнату бар.
Бракераж комиссияларының жұмысы міндеттеліп, оларға мектеп әкімшілігімен бірге ата-аналар, қоғамдық ұйым өкілдері және мәслихат депутаттары қатысады.
Ал жалпы мемлекеттік бақылауды Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Айта кетейік, қазір еліміздегі білім беру ұйымдарына арналған жаңа тамақтану стандарты әзірленіп жатыр. Бұл – балалардың денсаулығы мен сапалы тағамға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Мы не допустим резкого роста цен на бензин – министр энергетики
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki