Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-25 18:56:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Депутат Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды ұсынды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

2026 жылғы 25 қараша. Құрылтай депутаты Мақсұт Насибулов Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, импорттауға және сатуға толық тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл туралы ол премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылдан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынған. Ал 2026 жылдан бастап бұл өнімдерге акциз салығы енгізілді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, энергетикалық сусындарды тұтыну көлемі артып келеді.

Энергетикалық сусындарды өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығының дерегіне сәйкес, Қазақстанда 2023 жылы 215 миллион литр энергетикалық сусын сатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 355 миллион литрге жеткен. Екі жыл ішінде сатылым көлемі 65 пайызға өскен. Осыған байланысты депутат Үкіметке энергетикалық сусындардың денсаулыққа әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді, өнім құрамындағы кофеин мөлшерін тексеруді және олардың жарнамасына қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар ол 21 жасқа толмағандарға сусын сатуға қатысты қолданыстағы шектеулердің орындалуын бақылауды күшейтіп, халықаралық тәжірибені зерттеу қажеттігін атап өтті.

Депутаттың ұсыныстарының ішінде энергетикалық сусындарды өндіруге, елге әкелуге және сатуға толық тыйым салу мүмкіндігі де бар.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться