Автор: ADMIN
Әлемдік теңіз саудасының өсімі екі есеге жуық баяулады.
Әлемдік теңіз саудасының өсімі екі есеге жуық баяулады,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Әлемдік теңіз саудасының өсімі 2025 жылы екі есеге жуық баяулады. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) мәліметінше, теңіз арқылы тасымалданатын жүк көлемі 2025 жылы 1,9%-ға өсіп, 12,3 млрд тоннаға жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 3,9% болған. Ұйымның 2026 жылғы 26 қарашада жарияланған «Теңіз көлігіне шолу – 2026» есебіне сәйкес, биыл әлемдік теңіз саудасының көлемі өспейді деп болжанып отыр.
Ал 2027 жылы өсім 3,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін. Сауда қарқынының бәсеңдеуіне негізгі теңіз бағыттарындағы тұрақсыздық, геосаяси шиеленістер және логистикалық кедергілер әсер етуде. Атап айтқанда, Ормуз бұғазы, Қызыл теңіз, Қара теңіз және Панама каналы маңындағы жағдай кемелердің балама бағыттарды пайдалануына мәжбүрлеп отыр. Ұзақ бағыттар жанармай шығындарын арттырып, жеткізу уақытын ұзартады және порттардағы жүктемені күшейтеді. UNCTAD дерегінше, 2026 жылы теңіз арқылы тасымалдау қашықтығын ескеретін көрсеткіш — тонна-миль көлемі 1,5%-ға артуы мүмкін.
Ұйым сарапшылары мемлекеттер мен теңіз тасымалы саласының өкілдерін логистикалық инфрақұрылымды нығайтуға, балама бағыттарды дамытуға және халықаралық сауда тұрақтылығын қамтамасыз етуге шақырады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Pavel Durov Warns of Mass Hacking Threat Targeting iPhone Users.
Pavel Durov iPhone smartfondarına jappay kiberşabuıl jasalıp jatqanın eskertti.