Автор: ADMIN
Парижде полиция қызметкерлері де наразылық акциясына шықты.
Парижде полиция қызметкерлері де наразылық акциясына шықты,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.
Франция астанасы Парижде жүздеген полиция қызметкері еңбек жағдайын жақсарту мен қауіп-қатер үшін берілетін үстемеақыны арттыруды талап етіп, наразылық акциясын өткізді.
2026 жылғы 18 қарашада Police Nationale Alliance кәсіподағының шақыруымен өткен акцияға 400–500-ге жуық полиция қызметкері қатысты. Олар Елисей алаңы маңынан қозғалып, Ішкі істер министрлігі орналасқан Бово алаңына дейін барған. Наразылық білдірушілер полиция қызметкерлеріне төленетін арнайы үстемеақыны қазіргі 28,5%-дан 35%-ға дейін көтеруді талап етті. Олардың айтуынша, соңғы айларда қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде полиция қызметкерлеріне түсетін салмақ артып, көптеген қызметкер жарақат алған.
Францияның Ішкі істер министрі Лоран Нуньес кәсіподақ өкілдерімен кездескен. Министрлік үстемеақыны 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен 33,5%-ға дейін арттыруды ұсынған. Алайда кәсіподақ бұл ұсынысты жеткіліксіз деп санап отыр. Полиция қызметкерлерінің наразылығы елде бірнеше аптадан бері жалғасып жатқан әлеуметтік толқулар мен жаппай шерулер аясында өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
پاۆەل دۋروۆ iPhone سمارتفوندارىنا جاپپاي كيبەرشابۋىل جاسالىپ جاتقانىن ەسكەرتتى.