Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-28 15:51:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Павел Дуров iPhone смартфондарына жаппай кибершабуыл жасалып жатқанын ескертті.

news single

Павел Дуров iPhone смартфондарына жаппай кибершабуыл жасалып жатқанын ескертті,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров iPhone қолданушыларына қауіпсіздікке қатысты шұғыл ескерту жасады. Оның айтуынша, iOS операциялық жүйесінің ескірген нұсқасын пайдаланатын смартфондар жаппай хакерлік шабуылдардың нысанасына айналуы мүмкін. Дуров бұл туралы 27 қарашада X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның мәлімдеуінше, кейбір жағдайларда зиянды веб-сайтты жай ғана ашудың өзі смартфонды бұзу үшін жеткілікті болуы ықтимал.

Осыған байланысты Telegram ескі iOS нұсқаларын пайдаланатын қолданушыларға қауіпсіздік туралы ескерту хабарламаларын тарата бастаған. Мессенджер хабарламасында операциялық жүйедегі осалдықтар жеке деректер мен аккаунттардың қауіпсіздігіне қатер төндіретіні айтылған. Дегенмен, Дуров шабуылдардың нақты қандай осалдықтар арқылы жасалып жатқанын, қай iOS нұсқаларына қауіп төніп тұрғанын және қанша құрылғы зардап шеккенін нақтыламады. Ол iPhone иелеріне операциялық жүйені соңғы қолжетімді нұсқаға дейін жаңартуға кеңес берді.

Қалай қорғануға болады?

iPhone пайдаланушылары «Баптаулар» (Settings) → «Негізгі» (General) → «Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» (Software Update) бөліміне өтіп, қолжетімді жаңартуларды орнатуы керек.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться