Автор: ADMIN
Геологтарға алғаш рет мемлекеттік марапат табысталды

Қазақстанда алғаш рет геолог мамандар мемлекет тарапынан арнайы марапатқа ие болды. Геологтар күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала үздіктеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа құрметті атақ — «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы» — геология саласын дамытуға қосқан айрықша үлес үшін берілді. Бұл – ел экономикасы мен табиғи байлық қорын толықтыру жолындағы еңбектің жоғары бағалануы.
Қазіргі таңда еліміздің 2 млн шаршы шақырымнан астам жері геологиялық барлау жұмыстарымен қамтылған. Соңғы жылда 38 жаңа кен орны табылса, 2025 жылы Қарағандыда сирек кездесетін металдар қоры 800 мың тоннадан асатын Күйректікөл учаскесі ашылады деп күтілуде.
Салаға инвестиция тарту, көмірсутек қорларын зерттеу, кадр даярлау — Үкімет баса назар аударып отырған негізгі бағыттар. Соңғы 2 жылда геология мамандығы бойынша түлектер саны екі есеге артқан.
Марапатталғандар қатарында: еліміздің жетекші геологтары, ғылым докторлары мен жас мамандар. Олардың қатарында Марат Битимбаев, Серікбек Дәукей, Хайрлы Әбілхасымов, Бақытгүл Мүсиева сынды есімдер бар.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى