Автор: ADMIN
“Шекспир мен Достоевский енді бірге оқытыла ма?” – Қазақстан мектептеріне «Әлем әдебиеті» пәні қосылуы мүмкін

2025 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде оқушылар тек қазақ пен орыс әдебиетімен шектелмей, әлем классиктерінің шығармаларымен де тереңірек танысуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді,деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министрліктің дерегінше, 2025 жылғы 23 қаңтарда бекітілген жаңа Білім беру стандартына сәйкес, мектептерде қазақ және орыс әдебиеті пәндері міндетті түрде оқытылады. Ал «Әлем әдебиеті» пәнін мектептер өз қалауы бойынша енгізе алады — бұл пән вариативті компонент аясында жүргізіледі.
Вариативті компонент дегеніміз не?
Бұл – педагогтың таңдауы бойынша сабақтан тыс өткізілетін шығармашылық бағыттағы курстар. Яғни, «Әлем әдебиеті» пәнін енгізу туралы шешімді мектептің өзі қабылдайды, ал оның оқу бағдарламасын мұғалімнің өзі құрастырады.
Министрлік мамандарының айтуынша, қазіргі білім стандарты әлем әдебиетін міндетті пән ретінде қарастырмайды. Алайда оқушыны жаһандық мәдениетпен таныстыруға мүдделі мектептерге бұл бағытта жұмыс істеуге жол ашық.
Оқулықтар мен типтік бағдарламалар болса, мектеп таңдаған бағытқа сәйкес баспалар арқылы дайындалады.
Егер бұл бастама кеңінен қолдау тапса, мектеп оқушылары болашақта Гюго мен Хемингуэйді, Сервантес пен Кафканы оқу бағдарламасы аясында оқи алуы әбден мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Wlttıq elektrondı kitaphanağa swranıs kürt arttı — 44% ösim

ۇلتتىق ەلەكتروندى كىتاپحاناعا سۇرانىس كۇرت ارتتى — 44% وسىم

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى