Автор: ADMIN
Қоспаларға қатаң қадағалау: енді ББҚ өнімдері таңбаланады
Қазақстанда биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) қауіпсіздігі мен заңдылығын қадағалау мақсатында жаңа жүйе енгізіледі. 2025 жылдың 28 наурызынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жобаның басты мақсаты – ББҚ өнімдерінің қайдан, қалай шыққанын нақтылау, сапасын бақылау және тұтынушыларға шынайы ақпарат ұсыну. Сонымен қатар, бұл – көлеңкелі нарықпен күрес, яғни заңсыз өнімдердің ел аумағына өтуін тоқтату.
Енді Қазақстанда өндірілген немесе шетелден жеткізілген ББҚ өнімдері арнайы сәйкестендіру құралдарымен таңбалануы тиіс. Бұл арқылы әр өнімнің тарихын онлайн жүйеде бақылауға болады.
Пилоттық жобаға қатысатындар қатарында – Денсаулық сақтау және Сауда министрліктері, санитариялық бақылау комитеті, отандық және шетелдік өндірушілер, дистрибьюторлар, көтерме және бөлшек сауда өкілдері бар. Қатысу – ерікті.
Таңбалау қалай жүргізіледі?
• Ел ішінде өндірілген өнім – қоймаға кетер алдында зауытта таңбаланады.
• Шетелден келген өнім – кеден аумағына кірмей тұрып, таңбалануы қажет.
• ЕАЭО елдерінен келген өнім – шекарадан тыс жерде, жөнелту алдында таңбаланады.
Бұл өзгерістер тұтынушының құқығын қорғап, сапасыз әрі күмәнді өнімдерді нарықтан шеттетуге бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
پەرەكرىتيە ورمۋزسكوگو پروليۆا: چتو جديوت رىنوك نەفتي
الماتىدا ەرەكشە بالانىڭ قولىن بۇراعان قىزمەتكەر قامالدى
Ормуз бұғазы жабылды: мұнай нарығына қауіп төндіруде
Последние новости
Ormuz bwğazı jabıldı: mwnay narığına qauip töndirude
ورمۋز بۇعازى جابىلدى: مۇناي نارىعىنا قاۋىپ توندىرۋدە
Perekrıtie Ormuzskogo proliva: çto jdet rınok nefti