Туризм

Автор: ADMIN

Туризм

Следуй за нами

65

Жалған туроператорлардан қорған: Қазақстанда цифрлық тізілім іске қосылады

news single

Енді қазақстандықтар туристік қызметті сатып аларда алаяқтардың арбауына түсіп қалмайды. Елде туроператорлардың бірыңғай цифрлық тізілімі әзірленіп жатыр. Бұл жүйе арқылы кез келген адам туркомпанияның заңды жұмыс істейтінін тексере алады, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов туристік саланың дамуы мен оны цифрландыру мәселесін көтерді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бүгінде 47 бизнес-процеске реинжиниринг жүргізілген. Нәтижесінде негізгі кемшіліктер анықталған: цифрлық деректердің жоқтығы, қолдаудың дұрыс бөлінбеуі, тіпті кейбір заңсыз қызмет көрсетушілердің әрекеті азаматтарға кері әсерін тигізуде.

Осы мәселелерді шешу үшін Туризм және спорт министрлігі жаңа цифрлық платформаны әзірлеуде. Бұл жүйе барлық процесті автоматтандырып, адами фактордың әсерін азайтады. Ең бастысы — бірыңғай цифрлық тізілім пайда болады. Яғни, турист енді компанияның лицензиясы бар-жоғын оңай анықтай алады.

Сонымен қатар, туроператорларға лицензия беру процесі де өзгеруде. Олар екі бағытта лицензия алады: біріншісі – шетелге саяхат ұйымдастыру (көшпелі туризм), екіншісі – елге келетін және ел ішіндегі туристерге қызмет көрсету. 2024 жылы бұл жүйе арқылы 680 лицензия берілген, барлығы электронды түрде рәсімделді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться