Автор: ADMIN
Қазақстанда сот жүйесі жаңарады: кассациялық соттарға арнайы орган құрылады

Қазақстанда сот реформасы жаңа кезеңге қадам басты. 1 шілдеден бастап елімізде кассациялық соттар үшін арнайы ведомство – Кассациялық соттар департаменті жұмысын бастайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы шықты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа органның басты мақсаты – үшінші сатыдағы сот істерін кәсіби әрі әділ қарау процесін жүйелеу. Бұған дейін кассациялық істер Жоғарғы Соттың құзырында болса, енді бұл міндет жаңа құрылымға жүктелмек. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгеріс әділ сот төрелігіне қол жеткізуді жеңілдетіп, сот шешімдерінің бірізді болуын қамтамасыз етеді.
Сот жүйесінің сапасын бақылап отыратын комиссияның құрамы да өзгерді. Енді оған кассациялық соттардың екі өкілі қосылды. Бұрын комиссияда жеті адам – облыстық және Жоғарғы Сот судьялары болған.
Президент бұл өзгерісті судьялардың IX съезінде жария еткен. Ол сот жүйесіндегі үшінші инстанция – кассациялық сатының маңыздылығын атап өтіп, істердің әділ әрі сапалы қаралуы – азаматтардың сотқа деген сенімін арттыратынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде үш кассациялық сот құрылатыны хабарланған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

قىزىلوردادا جاڭا فورماتتاعى زاماناۋي مەكتەپ ەسىگىن اشتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет