Автор: ADMIN
Қазақстан мен Израиль жоғары технология саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті
Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады. Кездесуде тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мемлекет басшысы Израиль Парламенті спикерінің сапарын қазақ-израиль қатынастарын нығайтуға деген ортақ ұмтылыстың белгісі ретінде бағалап, бұл сапардың екіжақты серіктестікті дамытудағы маңызын атап өтті.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарға және су ресурстарын тиімді басқару саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Президент Тоқаев Израильдің озық технологияларын жоғары бағалап, Қазақстан осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Амир Охана көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы көпжоспарлы қарым-қатынастың табысты дамып келе жатқанын айтты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
Oleg Sokolenko Germaniyadağı halıqaralıq turnirde kümis jülde aldı
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى