Автор: ADMIN
Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті Үкімет қолдауына ие болды
Америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес биыл алғаш рет Қазақстанда концерт өткізеді. Әлемдік Up All Night турнесі аясындағы бұл ауқымды шара 1 тамыз күні «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мәселе Үкімет отырысында да көтерілді. «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов концертті ұйымдастыру жұмыстары жайында баяндап, шоу ел бюджетіне шамамен 400 миллион теңге кіріс әкелуі мүмкін екенін айтты.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бастамаға оң бағасын беріп, әлемдік жұлдыздарды Қазақстанға тарту елдің мәдени имиджін арттыра түсетінін жеткізді.
– Қазақстан осындай ауқымды мәдени іс-шараларды өткізу үшін тұрақты алаңға айналуы қажет. Біз Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз, – деді Премьер-министр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Oleg Sokolenko zavoeval serebro na mejdunarodnom turnire v Germanii
Алматыда электр желілерінің зақымдануына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
ولەگ سوكولەنكو گەرمانيياداعى حالىقارالىق تۋرنيردە كۇمىس جۇلدە الدى
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى