Автор: ADMIN
Жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер: мамандық таңдауға көмектесетін цифрлық платформалар іске қосылды

Алдағы уақытта оқушылар мен колледж студенттері болашақ мамандығын ертерек анықтап, еңбек нарығына бейімделуді цифрлық форматта үйрене алады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жастарға бағытталған бірқатар жаңа онлайн платформалар іске қосылып жатыр. Бұл бастамалардың басты мақсаты – жас буынды жұмысқа орналасуға жүйелі түрде дайындау, деп хабарлайды Shalqar.kz.
«Мансап компасы» платформасы жыл сайын 100 мыңға жуық оқушыны қамтуды көздейді. Жаңа функциялардың арқасында 7–11-сынып оқушылары кәсіби диагностикадан өтіп, болашақ мамандығын дәл анықтай алады. Платформада:
• өзекті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер бар;
• кәсіби диагностикадан өтіп, мансаптық кеңес алуға болады;
• жұмыс берушілермен байланыс орнату мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл жүйе түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
500 мың оқушы мен колледж студенттері үшін іске қосылған «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасы арқылы жастар жұмыс іздеуді, онлайн сұхбаттасу мен еңбек шартын жасауды үйренеді.
Министрлік өкілдері:
– Мансап орталықтары арқылы платформаны қолдана отырып, жастарға жұмысқа орналасу дағдыларын үйрету жоспарлануда. Бұл жастардың еңбекке ерте араласуына, өз қабілетін дұрыс бағытта дамытуына мүмкіндік береді, – дейді.
Үш кезеңнен тұратын жүйелі оқыту
Жастарды еңбек нарығына дайындау үшін келесі үш қадамдық жоспар қолға алынған:
1. Электрондық еңбек биржасын пайдалануға арналған бейнесабақтар, презентациялар мен дәрістер дайындау;
2. Осы материалдарды Skills.enbek.kz платформасына жүктеу;
3. Оқушылар мен студенттерді жұмыс іздеу мен жұмысқа орналасу дағдыларына үйрету.
Skills.enbek.kz – алғашқы еңбек мектебі
Бұл платформада жастар:
• жұмыс іздеуді;
• кәсіби резюме толтыруды;
• онлайн сұхбаттасудан өтуді;
• еңбек шартын жасауды үйренеді.
Жаңа бастамалар – оқушылар мен студенттерге еңбек нарығына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді. Енді мамандық таңдау кездейсоқ шешім емес, саналы таңдау болмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

دەلьفيندەرمەن ديالوگ: جاساندى ينتەللەكت مۇحيتتىڭ تىلىن مەڭگەرە باستادى

Түркістанда Алтын Орданың ізімен: тарихи-мәдени мұра көрмесі ашылды

Диалог с дельфинами: ИИ учится понимать язык океана
Последние новости

Türkistanda Altın Ordanıñ izimen: tarihi-mädeni mwra körmesi aşıldı

تۇركىستاندا التىن وردانىڭ ىزىمەن: تاريحي-مادەني مۇرا كورمەسى اشىلدى

В Туркестане открылась выставка историко-культурного наследия Золотой Орды