Автор: ADMIN
Алматыда пәтер бағасы тағы қымбаттады – баспаналы болу арманға айналды ма?
Алматыда баспана бағасы қайта шарықтап барады. Қайталама тұрғын үй нарығындағы пәтерлердің құны қатарынан үшінші ай қатарынан өсіп, наурыз айында бірден 3,7%-ға қымбаттаған. Бұл – 2022 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары айлық өсім, деп хабарлайды Shalqar.kz Data Hub Telegram арнасына сілтеме жасап.
2024 жылдың басында баға төмендеуге бейім болғанымен, соңғы айларда қайтадан көтерілу үрдісі байқалады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Алматыдағы қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы былтырғы наурызбен салыстырғанда 7,2%-ға артқан.
Жаңа тұрғын үйлер де шет қалмады – наурызда бастапқы нарықтағы пәтерлердің бағасы 1,9%-ға өсті. Бұл – 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары өсім.
Ал жалдамалы тұрғын үй нарығында керісінше жағдай байқалады. Ақпан айымен салыстырғанда, наурызда жалдамалы пәтер бағасы Алматыда 0,9%-ға, ал Астанада 2,6%-ға төмендеген. Дегенмен, елордада соңғы бір жылда жалдау ақысы 25,4%-ға өскен.
Сарапшылардың пікірінше, бұл динамика тұрғын үй нарығындағы тұрақсыздықтың айқын көрінісі. Халық үшін баспана қолжетімді болудан қалып бара жатқандай.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
“قايرات” بەسىنشى رەت قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
Последние новости
Bryussel'degi tanımal müsinge qazaqtıñ şapanı kigizildi
بريۋسسەلьدەگى تانىمال مۇسىنگە قازاقتىڭ شاپانى كيگىزىلدى