Автор: ADMIN
Жолда «жасырын» бақылау: Қазақстанда қандай тасжолдарда орташа жылдамдық есептеледі?
Енді республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілердің орташа жылдамдығы автоматты түрде есептеледі. «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 7 ірі бағытта арнайы бақылау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл жүйе көлік екі нүктеден өткен уақытты өлшеп, жүргізушінің аралықтағы орташа жылдамдығын есептейді. Егер жылдамдық шектеуден асып кетсе – айыппұл міндетті түрде келеді.
Орташа жылдамдық бақыланатын жолдар:
1. Астана – Щучинск (140 км/сағ дейін);
2. Астана – Павлодар (140 км/сағ дейін);
3. Шымкент – Қызылорда (110 км/сағ дейін);
4. Шымкент – Тараз (110 км/сағ дейін);
5. Павлодар – Семей – Қалбатау (100-110 км/сағ);
6. Орал – РФ шекарасы (Саратов бағыты) (100 км/сағ);
7. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы бағыты) (100-110 км/сағ).
Мамандар бұл шара жол апаттарын азайтып, жүргізушілерді тәртіпке шақыруға көмектеседі дейді. Бірақ кей жүргізушілер айыппұлдан қашудың түрлі айласын ойлап тауып жатқан көрінеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
تجم: بيىل سۋعا كەتكەندەردىڭ كوبى تىيىم سالىنعان جەردە كوز جۇمعان
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire
Apple вновь стала самой дорогой компанией в мире
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire