Автор: ADMIN
Қазақстанда бір отаның бағасы 77,5 миллион теңгеге жетті – МӘМС нені қаржыландырып жатыр?
Алматыда бірқатар күрделі оталардың нақты құны белгілі болды. Жүрекке қосымша қолдау құрылғысын орнату сияқты кейбір операциялар 77,5 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдегендей, 2024 жылы қалада тек кардиохирургиялық оталарға 18,6 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражатқа барлығы 6 805 операция жасалып, әрқайсысының орташа құны 2,7 миллион теңгені құрады.
Сонымен қатар:
• 4521 нейрохирургиялық ота – 8 млрд теңге,
• 4593 буын ауыстыру отасы – 7 млрд теңге,
• 5045 қан тамыр және нейро-қантамыр отасы – 6,7 млрд теңгеге қаржыландырылған.
Ал 107 науқасқа бауыр мен бүйрек секілді донорлық органдар салынған. Бұл мақсатқа 709,7 миллион теңге жұмсалған.
Ең қымбат оталар қатарына мыналар кірді:
• Жүрекке қосымша құрылғы орнату – 77,5 млн теңге
• Жүрек қақпақшасын алмастыру – 17 млн теңге
• Аллогенді дің жасушаларын трансплантациялау – 16,9 млн теңге
Айта кетейік, бұл күрделі және шығынды операциялардың барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қаржыландырылған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Даже безработный обязан платить алименты
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı