Автор: ADMIN
Сәтбаевқа тағзым: Ғылым күнінде сакура қайта гүлдеді
12 сәуір – елімізде Ғылым қызметкерлері күні. Бұл күн – Қазақстан ғылымының бастауында тұрған Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетін ерекше дата. Бүгін бұл мереке тек құттықтаулармен шектелмей, терең мағына мен тарихи естелікпен астасып өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз құттықтауында:
“Ғылым – ел дамуының алтын діңгегі. Қазіргі таңда 208 ғылыми жоба жүзеге асуда, оның 25-і экспортқа шықты, ал 6 жоба 1 миллиард теңгеден астам табысқа жетті. Жалпы коммерцияланған жобалардың ел экономикасына қосқан үлесі – 118,4 миллиард теңге,” – деп ғылым саласындағы нақты жетістіктерді атап өтті.
Бүгін елордадағы Ғылым академиясының ауласында ерекше шара өтті – “Сәтбаев сакурасы” қайта отырғызылды. Kanzan мен Kiku-Shidare сортындағы екі сакура қайта гүлдеп, академиктің есімін жаңғыртты.
Сакураның тарихы да ерекше. Ғимаратты соғыс жылдарында жапон тұтқындары тұрғызған. Сол кезде академия басшысы Қаныш Сәтбаев оларға қамқорлық көрсеткен. Кейін жапондар қазақ ғалымына алғыс ретінде сакура көшеттерін жіберіп, сол ағаштар академия ауласына отырғызылған еді. Бірақ арада 30 жыл өткенде, кей шенеуніктердің ғылымға деген немқұрайлылығынан олар кесіліп тасталған.
Биыл, Ғылым академиясының бастамасымен сакура қайта отырғызылды. Бұл – тек ағаш отырғызу емес, өткенге тағзым, ғылымға деген құрмет.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo