Мереке

Автор: ADMIN

Мереке

Следуй за нами

37

Төртінші қазақ ғарышқа аттануы мүмкін: Қазақстан өз зымыранын ұшыруға дайындалып жатыр

news single

12 сәуір – Ғарышкерлер күні. Бұл күн – адамзаттың ғарышқа алғашқы сапарын ғана емес, Қазақстанның да ғарыштық болашағы туралы ойланып, үлкен қадамдарға бет бұратын сәт. Биыл еліміз тарихында алғаш рет өз зымыран тасығышын ұшыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Ұлттық ғарыш орталығы 2024 жылы зымыран құрастыру ісін бастап кеткен. Бұл – Қазақстанның “ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу” стратегиясының бір бөлігі. Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовтің айтуынша, бүгінде мықты отандық химиктер мен физиктер осы технологияны игеруге жұмылдырылған. Жыл соңына дейін шағын метеориттік зымыран ұшырылмақ.

Болашақта – төртінші қазақ ғарышта

Сала сарапшылары алдағы 5-10 жылда Қазақстаннан төртінші ғарышкер ұшады деп болжауда. Бұл – жай болжам емес, нақты жоспарға айналып келе жатқан мүмкіндік.

Байқоңырда бұл күндері тағы бір тарихи сәт – ғарышқа 73-экспедиция аттанды. Экипаж мүшелері орбитада 50-ге жуық ғылыми тәжірибе жасап, желтоқсан айында жерге оралмақ.

Айта кетейік, Байқоңыр ғарыш айлағының ресми ашылғанына биыл – 70 жыл. Осы орайда ғарыш айлағына 20 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде.

Байқоңырдың ардагері Нұртілеу Салықов бұл жерді қазақ ежелден “жер кіндік” деп атағанын еске салады. Ал бүгінде сол “жер кіндік” – әлемге ғарыш дәуірін ашқан алаңға айналды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться