Автор: ADMIN
Джей Лоның Астанадағы концерті: Билеттер сатылып үлгермей, алыпсатарлар іске кірісті

Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билеттер санаулы сағат ішінде сатылып кетті. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздың шоуын өз көзімен көруге асыққандар көп болды. Алайда концертке билет ала алмай қалғандар енді әлеуметтік желілер мен онлайн платформалардан “тиімді ұсыныстарға” тап болып жатыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Концертке ресми билет бағасы 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болған. Десе де, алыпсатарлар бұл бағаларды бірнеше есе көтеріп, “VIP орындар” мен “жеке қолжетімділікті” уәде етіп, пайда табуға тырысуда. Бірақ мұндай ұсыныстарға сенудің арты өкінішке ұласуы мүмкін.
Ұйымдастырушылар бірнеше рет атап өткендей, қазіргі таңда сатылымда тек ваучерлер ғана бар. Ал нақты билеттер тек 1 тамыз күні, яғни шараға бірнеше күн қалғанда ғана қолжетімді болады. Бұл – алыпсатарлықтың алдын алу үшін жасалған қадам.
Бір адамға тек төрт билеттен артық сатылмайды. Бейтаныс адамдардан немесе күмәнді аккаунттардан билет сатып алу – концертке мүлде кіре алмай қалу қаупін арттырады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى