Автор: ADMIN
Цифрлық көшбасшы: Қазақстан АҚШ пен Қытайды басып озды

Қазақстан мемлекеттік қызметтердің цифрлануы бойынша әлемнің ТОП-10 еліне кіріп, АҚШ, Қытай және Германия сияқты алпауыт мемлекеттерді басып озды. Бұл — еліміздің цифрлық дамуындағы елеулі жетістік, деп хабарлайды Shalqar.kz.
93% онлайн — бұл жай ғана статистика емес
Ranking.kz сайты таратқан дерекке сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды форматта қолжетімді. Оның ішінде 90,8%-ын eGov Mobile қосымшасы арқылы алуға болады. Яғни халықтың басым бөлігі құжат жинау үшін кезекте тұрмай, бірнеше минутта қызметті смартфон арқылы ала алады.
Қазақстан кімдерді артта қалдырды?
БҰҰ-ның 2024 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан әлемнің 193 мемлекеті арасында үздік ондыққа еніп, Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур, Жапония және Эстония сынды цифрлануда алда келе жатқан елдердің қатарына қосылды.
Ал бізден кейінгі орындарға жайғасқандар тізімі таңқаларлық:
• Қытай – 11-орын
• Германия – 12-орын
• Аустралия – 14-орын
• БАӘ – 16-орын
• АҚШ – 17-орын
ТМД елдері қайда?
ТМД елдерінің көпшілігі әлі де артта қалуда:
Армения – 53-орын,
Ресей – 56,
Өзбекстан – 59,
Қырғызстан – 89,
Тәжікстан – 130,
Түрікменстан – 172-орын.
Цифрлық қызметтерге сұраныс қандай?
Сарапшылардың айтуынша, ең көп сұранысқа ие қызметтер:
• Зейнетақы жинақтарын тексеру
• БЖЗҚ қызметтері
• АХАЖ анықтамалары
• Онлайн неке тіркеу және туу туралы куәлік алу
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет