Автор: ADMIN
Алматылық оқушылар NASA байқауында топ жарды
Ғарышты бағындыру — тек NASA ғалымдарының емес, қазақстандық мектеп оқушыларының да қолынан келеді! Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы мен NASA ұйымдастырған халықаралық Space Settlement Contest байқауында жеңіске жетіп, ел мерейін асқақтатты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл байқау жыл сайын бүкіл әлем оқушыларының арасында өткізіледі. Негізгі мақсаты — инженерлік ойлау мен ғылыми қиялды дамыту. Биылғы додаға 25 елден 26 мыңнан астам қатысушы тіркелген.
9-сынып оқушылары Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы және Ілияс Дәулет ұсынған YURT жобасы бірінші орынды жеңіп алды. Жас ғалымдар Юпитер орбитасындағы, оның Ганимед пен Каллисто серіктеріне жақын орналасатын автономды ғарыш станциясын жобалап, 30 мың адамға арналған болашақ мекенді ойлап тапты. Станция жасанды гравитациямен, өмір сүруге қажет толық жүйемен жабдықталған.
Ал 8-сынып оқушыларының екінші командасы — “Икарус” жобасымен күміс жүлдеге ие болды. Олар Ганимедтің төменгі орбитасына орналасқан, 45 мың адамды қабылдай алатын заманауи станция жобасын қорғап шыққан. Жобаны жүзеге асырған команда құрамында: Табылды Асан, Темірбулатов Арман, Інкәрбек Сабыржан, Құзбакова Томирис, Жапаров Мұхидин, Әлішер Бағдәулет, Берік Уәли, Нұрсұлтан Айсұлу, Таиров Арлан, Бақыт Аслан. Команданың жетекшісі – 12-сынып оқушысы Әділет Сандықбаев.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo