Автор: ADMIN
Астана, Алматы және Қарағанды — “Еңбек даңқы қаласы” атанбақ: тарихтағы ерлікке құрмет

Қазақстанның үш ірі қаласы — Астана, Алматы және Қарағанды — Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек ерлігі үшін ерекше мәртебеге ие болмақ. Оларға «Еңбек даңқы қаласы. 1941–1945 жылдар» құрметті атағы беріледі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл шешім 11 сәуір күні Алматыда өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданды. Жаңа атақ Жеңістің 80 жылдығына орай беріліп отыр.
Соғыс жылдары бұл үш қала әскери және азаматтық өнім өндірісінің маңызды орталықтарына айналған. Халық күн-түн демей жұмыс істеп, майданға қажеттік атаулыны жіберіп отырған. Бұл — тылдағы ерліктің символы.
Жаңа атақпен қатар, әр қалада арнайы стела орнатылады. Онда қаланың елтаңбасы және «Еңбек даңқы қаласы» мәртебесі туралы мәлімет бейнеленеді.
Бұл мәртебені тек Қазақстан қалалары ғана алмайды.
Ұсынысты Қазақстан тарапы көтеріп, ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесіне ұсынған. Бастама бірауыздан қолдау тапты. Алдағы уақытта мұндай атақты ТМД құрамындағы өзге де қалалар алуы мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

9 Mamır – Jeñis künimen qwttıqtaymız!

9 مامىر – جەڭىس كۇنىمەن قۇتتىقتايمىز!
Последние новости

9 Mamır – Jeñis künimen qwttıqtaymız!

9 مامىر – جەڭىس كۇنىمەن قۇتتىقتايمىز!

Tarihpen suarılğan tağzım: Prezident Jeñis künimen qwttıqtadı