Автор: ADMIN
Қазақстанға іргелес елде қызылша өршіп тұр
Моңғолияда қызылша індеті ушығып барады — ауру жұқтырғандардың саны 500-ден асты. Елдің Ұлттық жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының дерегінше, соңғы тәулікте тағы 11 адамнан вирус анықталған, деп хабарлайды Shalqar.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Анықталған жағдайлардың басым бөлігі мектеп жасындағы балалар арасында тіркелген. Мамандар олардың көпшілігі қызылшаға қарсы небәрі бір рет вакцина алғанын айтып отыр. Осыған байланысты дәрігерлер ата-аналарға балаларын екі компонентті екпемен уақытылы егуді ұсынады.
Медицина қызметкерлері қызылшаның жұқпалылығы өте жоғары екенін және тиісті ем жасалмаса, ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Ауру белгілері – дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы мен көздің қабынуы.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерттен қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo