Цифрлық дәуір

Автор: ADMIN

Цифрлық дәуір

Следуй за нами

33

Орман өрті спутниктен «көзге» алынады: Қазақстанда жаңа карта іске қосылады

news single

Қазақстанда табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған цифрлық жүйе жаңартылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Министрдің айтуынша, өрт қаупі жоғары аймақтарды нақты әрі жедел анықтау үшін интерактивті карта әзірленген. Ол mchs.gharysh.kz және tabigat.gov.kz жүйелері арқылы ашық қолжетімді. Жүйе спутниктен түсірілген мәліметтер мен жерүсті метеостанцияларының деректерін біріктіріп, ел аумағын толық қамтиды. Бұл тәсіл орман, дала өрті сияқты төтенше жағдайларды алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

— Біз температурасы қалыптан тыс жоғары нүктелерді спутник арқылы анықтап, 2–4 сағат ішінде картада көрсетеміз. Ал болашақта бұл уақытты 30 минутқа дейін қысқарту жоспарланып отыр, — деді министр.

Шілде айында жерүсті станцияларын жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл жаңашылдық өрт қаупі туралы деректердің жедел берілуін қамтамасыз етіп, жауапты органдардың әрекет ету уақытын едәуір қысқартпақ.

Айта кетейік, дәл қазір Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында өрт сөндірушілер қамыспен шөпті жалмаған өртпен арпалысып жатыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться