Автор: ADMIN
Қазақстанда алғаш рет ЖИ көмегімен қазақша мультфильм жасалды
Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект (ЖИ) технологиясы арқылы қазақ тілінде анимациялық фильм жасалды. «Түркістан сақшылары» деп аталатын бұл ерекше жоба — Түркістан қаласының тұрғыны Ғасыр Құралбайұлының авторлық жұмысы, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ғасыр — «Turkistan» телеарнасының қызметкері әрі жасанды интеллектпен жұмыс істеуді меңгерген маман. Ол мультфильмнің алғашқы бөлімін бар болғаны 7 күн ішінде әзірлеп шыққан. Тағы бір таңғаларлық жайт — бір серияны жасауға небәрі 70 мың теңге кеткен.
— ЖИ бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылу үшін 100 АҚШ доллары жұмсадым, ал саундтрек жаздыруға 20 мың теңге кетті, — дейді автор.
Мультфильм Түркістанды түрлі қауіптен қорғайтын мифологиялық кейіпкерлердің ерлік оқиғаларын баяндайды. Туындының мақсаты — балаларды адамгершілікке, патриоттыққа, мәдени құндылықтарға баулу. Персонаж аттары да нағыз ұлттық болмысқа сай:
Ақпантер — батыл да жылдам барыс,
Алтынқанат — қырағы бүркіт,
Тасбатыр ата — ғасыр жасаған дана тасбақа.
Қазір Ғасыр Құралбайұлы келесі бөлімдерді дайындап жатыр. Алдағы уақытта толықметражды, кинотеатрларға арналған коммерциялық мультфильм түсіруді де жоспарлап отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Avtonesie beru şarttarı jeñildeui mümkin
Izmenilis' pravila prisvoeniya nazvaniy aeroportam, vokzalam i portam
Изменились правила присвоения названий аэропортам, вокзалам и портам
Последние новости
Äuejay, vokzal jäne porttarğa atau beru qağidaları özgerdi