Автор: ADMIN
15 сәуір – Махаббаттың мәңгілік мәртебесі: Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні
Қазақ халқы үшін 15 сәуір – махаббаттың шынайы болмысын бейнелейтін ерекше күн. Бұл – Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға арналған күн. Екеуінің хикаясы – тек ғашықтықтың символы ғана емес, ұлттың рухани коды, әдеби жауһары, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Көпшілік бұл күнді «қазақтың Валентин күні» деп атайтыны бекер емес. Бірақ Қозы мен Баянның сезімі – жай романтика емес, ол – адалдық, сенім, тұрақтылық пен рухани беріктік.
Неліктен бұл күн маңызды?
Жаһандану заманы жастарды батыстық мерекелерге еліктетіп жатқанда, өзіміздің төл құндылықтарға бет бұру – рухани иммунитетті сақтаудың бір жолы. 15 сәуір – жастардың өз мәдениетіне, әдебиетіне деген құрметін арттыратын, ұлттық болмысын терең түсінуге жетелейтін күн.
Бұл күн кімдерге арналған?
Қозы мен Баян күні тек ғашықтарға емес. Бұл – ата-анаға, бауырға, достарға деген сүйіспеншілікті де білдіретін күн. Елге, жерге, тарихқа, тілге деген махаббатты да осы күнмен байланыстыруға болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى