Автор: ADMIN
Көрші елдер ортақ эфир кеңістігін құруда

Астанада өткен ІІ Орталық Азия медиа форумында өзбекстандық көрермендер енді қазақстандық телеарналарды да тамашалай алатыны белгілі болды. Бұл – екі ел арасындағы ақпараттық байланыстың жаңа кезеңі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Өзбекстан Президенті Әкімшілігі жанындағы Ақпарат және қоғамдық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев елімізден бөлек, Түркия, Түрікменстан және Әзербайжан арналары да көрші елдің эфиріне енгізілгенін атап өтті.
– Біз бұл бағытта жұмысты әлі де жалғастырамыз. Орталық Азия елдері ұлттық арналарын өзара эфирлік кеңістікке енгізу тәжірибесін қолға алуымыз қажет. Бұл – мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтіп, халықтар арасындағы түсіністікке көпір бола алады, – деді Ходжаев.
Оның айтуынша, Өзбекстан Қазақстанның ортақ ақпараттық алаң құру идеясын толықтай қолдайды. Аймақтағы мемлекеттерге ортақ, халықаралық Silk Way арнасының мүмкіндігін пайдалана отырып, бүкіл өңірге ортақ үнқататын медиа кеңістік қалыптастыру ұсынылды.
– Біз Silk Way арнасының халықаралық платформаға айналуына қарсы емеспіз, керісінше, ондағы жұмысты белсенді түрде қолдауға дайынбыз, – деді ол.
Бұл бастама қазақ тілі мен мәдениетінің көрші елдерде кеңінен танылуына тағы бір мүмкіндік бермек.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет