Автор: ADMIN
Астанада медиа әлемі бас қосты: 700-ден астам делегат қатысып жатқан форум басталды

Елордада Орталық Азия журналистикасының ең ауқымды алаңдарының бірі – ІІ Орталық Азия медиа форумы басталды. Шараға 700-ден астам делегат жиналды. Олардың қатарында саясаткерлер, халықаралық ұйым өкілдері, танымал медиамамандар мен ақпарат құралдарының басшылары бар, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Форумға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қытай, Ресей, Катар және Ұлыбританиядан келген сарапшылар қатысуда.
Мақсат – өңірлік медиа ынтымақтастықты күшейту, цифрлық трансформация үдерістерін талқылау және ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін жаңа қырынан қарастыру.
Екі күнге жоспарланған жиында медианың жасанды интеллект дәуіріндегі орны, әлеуметтік желілердің ел имиджіне ықпалы, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен геосаяси тұрақсыздық секілді жаһандық сын-қатерлер де назардан тыс қалмайды.
Сондай-ақ форум аясында Орталық Азия елдерінің ақпарат саласындағы өкілдері бас қосып, болашаққа бағытталған нақты ұсыныстарды ортаға салады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер










Басты жаңалықтар

Jalğan diplom – jarqın bolaşaqqa jasalğan qauip!

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет