Автор: ADMIN
Астанада әскери парадқа байланысты әуе кеңістігі уақытша жабылады: жолаушыларға ескерту жасалды
2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астананың әуе кеңістігі уақытша шектеледі. Бұл шектеу Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық пен оны өткізуге байланысты енгізіліп отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, күн сайын сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін елорда үстінен әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өтеді. Осы уақыт аралығында азаматтық әуе кеңістігін пайдалану қысқартылып, кейбір рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Азаматтық авиация комитеті жолаушылардан жоспарланған сапар уақытын мұқият қарастыруды және өз рейстерінің мәртебесін әуе компанияларының ресми ақпарат көздерінен нақтылауды сұрайды.
Ақпарат пен байланыс үшін:
Air Astana
Алматы: +7 (727) 244 44 77
Астана: +7 (7172) 58 44 77
Қосымша: +7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77
SCAT – +7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air – +7 (727) 356 14 14
FlyArystan – +7 (727) 331-10-10, WhatsApp: +7 702 702 02 27
Астана әуежайы – +7 (7172) 702-999
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo