Автор: ADMIN
Қазақстанда 111 ҰОС ардагері бар: мемлекеттен қанша көмек көрсетіледі?

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 83 мыңнан астам соғыс және тыл ардагері тұрып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министрлік дерегінше, олардың арасында:
• Ұлы Отан соғысына тікелей қатысқан – 111 ардагер,
• ҰОС ардагерлеріне теңестірілген – 16 796 адам,
• Басқа мемлекеттердегі әскери қақтығыстарға қатысқан – 26 553 ардагер,
• Тыл еңбеккерлері – 39 588 адам.
Ардагерлерге 2025 жылы жалпы сомасы 17 млрд теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Арнайы жәрдемақы барлық санаттағы ардагерлерге төленеді және өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан беріледі.
2025 жылғы ай сайынғы төлем мөлшері мынадай:
• ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (62 912 теңге);
• Жарақат немесе соғыс салдарынан мүгедек болғандарға – 29 687 теңге;
• ҰОС-на теңестірілген басқа қатысушыларға – 24 339 теңге;
• Ауғанстандағы соғысқа қатысқандарға – 24 339 теңге;
• Тәжік-Ауған шекарасында, Ирак пен Қарабақтағы миссияларға қатысқандарға – 18 874 теңге;
• Тыл еңбеккерлеріне – 8 376 теңге.
Мемлекет ардагерлерге тек қаржылай емес, әлеуметтік қолдау шараларын да ұсынып келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет

Astanada “Ortalıq Aziya – Italiya” sammiti bastaldı

Астанада “Орталық Азия – Италия” саммиті басталды
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет