Автор: ADMIN
Ассамблея төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды
Қазақстан халқы ассамблеясы басшылық құрамында өзгеріс орын алды. Ел президентінің өкімімен ұйым төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 2024 жылы сәуірде тағайындалған Лугмар Буларов пен Юрий Шин өз қызметтерінен босатылды. Олардың орнына енді Расул Ахметов пен Дмитрий Останькович келді.
Ассамблеядағы бұл кадрлық өзгерістер ұйымның жаңа форматтағы жұмысына қадам ретінде бағалануда. Себебі алдағы күндері, яғни 23-24 сәуір аралығында Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIV сессиясы өтеді деп жоспарланып отыр.
Жаңа басшылық құрам сессияда өз көзқарастарын таныстырып, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында тың идеялар ұсынуы мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В поезде Астана – Семей – Достык запустили спутниковый интернет
V poezde Astana – Semey – Dostık zapustili sputnikovıy internet
Epoha «psihologov» posle dvuhnedel'nıh kursov podoşla k koncu — Aymagambetov
Последние новости
Astana – Semey – Dostıq poyızında sputniktik internet iske qosıldı
استانا – سەمەي – دوستىق پويىزىندا سپۋتنيكتىك ينتەرنەت ىسكە قوسىلدى
V poezde Astana – Semey – Dostık zapustili sputnikovıy internet