Автор: ADMIN
Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер таңғы режимге көшіп жатыр: тиімділік пе, әлде жайлылық па?
Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс күні жарты сағатқа ертерек басталатын болды. 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап жергілікті атқарушы органдарда жұмыс уақыты 08:30-дан 17:30-ға дейін белгіленді, деп хабарлайды Shalqar.kz өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.
Түскі үзіліс бұрынғыдай емес – 12:30-дан 13:30-ға дейін. Ал бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істеп келген болатын.
Жаңа кесте жай бекітіле салған жоқ – ішкі сауалнама нәтижесі бойынша қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс күнін ерте бастау тиімді деп тапқан. Әкімдік өкілдері бұл шешім халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін көтеруге бағытталғанын айтады.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай бастаманы Шығыс Қазақстан облысы да жүзеге асырған болатын. Онда 11 аудан мен Риддер қаласында жұмыс күні таңғы 08:00-де басталады. Дегенмен бұл өзгеріс мектептер, балабақшалар мен медицина мекемелерінің кестесіне әсер еткен жоқ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Milan–Kortina Paralimpiadası: qazaqstandıq sportşılar finalğa ötti
Жанабыловтар ісі сотқа жолданды
ميلان–كورتينا پاراليمپياداسى: قازاقستاندىق سپورتشىلار فينالعا وتتى
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд