Автор: ADMIN
Кітап оқуда Азия көш бастады: үнділер аптасына 10 сағат оқиды
Кітап – ойдың кілті. Ал оны көп оқитын халық – білім мен мәдениеттің биігінде тұр. Халықаралық сарапшылар әлемде ең көп кітап оқитын елдердің үздік ондығын жариялады. Тізімді Азия елдері бастап тұр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Көш басында Үндістан – үнділер аптасына орта есеппен 10 сағат 42 минутын кітап оқуға арнайды екен. Одан кейін Таиланд (9 сағат 24 минут), Қытай (9 сағат), Филиппин (7 сағат 36 минут) және Мысыр (7 сағат 30 минут) тұр.
Тізімге сондай-ақ Чехия, Ресей, Швеция, Франция және Венгрия енген. Бұл елдердің тұрғындары аптасына 6–7 сағат аралығында уақытын кітапқа арнайды.
Stellar халықаралық консалтинг компаниясының мәліметінше, 2024 жылы әлемдік кітап нарығы 150 миллиард доллардан асқан. Ал 2032 жылы бұл көрсеткіш 200 миллиардқа жетеді деп күтілуде. Қазір ең ірі нарық – Солтүстік Америка (33%), кейін Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағы.
Адамдар ең көп оқитын жанрлар – ғылым, тарих, мистика және комикстер. Қағаз кітаптар әлі де көшбасшы, одан кейін цифрлық формат пен аудиокітаптар келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple қайтадан әлемдегі ең қымбат компания атанды
Apple ۆنوۆь ستالا ساموي دوروگوي كومپانيەي ۆ ميرە
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire