Автор: ADMIN
Шетелдік туристер Қазақстанда миллиардтаған доллар жұмсаған
2024 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер ел экономикасына 2,6 миллиард доллардан астам табыс әкелген. Бұл — Ұлттық банктің ресми дерегі. Туризмнің ел дамуына қосар үлесі артып келе жатқаны осындай нақты көрсеткіштермен расталып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алыс шетелден келген әрбір турист орта есеппен 1200-1500 доллар аралығында қаражат жұмсайды екен. Яғни, олар жай ғана қыдырып қоймай, еліміздің түрлі салаларына нақты пайдасын тигізіп отыр.
Ең көп шығынданған туристер:
• Қытай — 307 млн доллар
• Германия — 56 млн доллар
• Түркия — 53 млн доллар
• АҚШ — 47 млн доллар
Сарапшылардың айтуынша, бұл — Қазақстан туризмінің халықаралық деңгейде сұранысқа ие бола бастағанының дәлелі. Демек, табиғаты көркем, мәдениеті бай еліміз әлем туристерінің жаңа бағытына айналып келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Қырғызстанда блогерлер 5 жылға салықтан босатылады
Astana AI Film Festival-ге 50 елден 300-ден астам өтінім түсті
Последние новости
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
На Astana AI Film Festival поступило более 300 заявок из 50 стран за 17 дней