Автор: ADMIN
Баланы интернеттегі қауіптен қорғайтын сим-карта пайда болды
Алматыда балаларды зиянды контенттен қорғауға арналған ерекше жоба іске қосылды. Енді ата-аналар арнайы «SIM KIDS» сим-картасы арқылы баласының онлайн кеңістіктегі әрекетін бақылап, қажетсіз контентке шектеу қоя алады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл бастама — Бас прокуратура мен TELE2/ALTEL операторларының бірлескен пилоттық жобасы. Сим-карта арқылы ата-ана:
• баласының қандай қосымшалар пайдаланатынын көре алады,
• зиянды сайттарға кіруді бұғаттай алады,
• құрылғы үнсіз болса да, хабарласа алады.
Басты мақсат – баланы интернеттегі:
• суицидті насихаттайтын ойындардан,
• есірткі мен порнографиядан,
• онлайн-казино және басқа да психикаға зиянды ақпараттардан қорғау.
Бас прокурор Берік Асылов бұл жобаға ерекше мән беріп отыр. Оның айтуынша, балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекет үшін маңызды міндет. Қазір бұл бастама сынақ кезеңінде, кейін барша қазақстандық ата-аналар үшін қолжетімді болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo