Автор: ADMIN
Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні атап өтілді
23 сәуір – Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтті. Бұл күн – кітаптың қоғамдағы орнын қайта бағамдап, жастардың оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды бастама, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мерекенің басты мақсаты – кітаптың құндылығын дәріптеу, өскелең ұрпақтың оқуға деген ынтасын арттыру және рухани бай, ой-өрісі кең ұлт қалыптастыру. Бұл күн – жай ғана дата емес, ұлттың зияткерлік әлеуетін көтеруге бағытталған нақты қадам.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл айтулы күнмен қазақстандықтарды құттықтап, кітапқа деген сүйіспеншіліктің маңызын атап өтті.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген Президенттің құттықтауында.
Ұлттық кітап күні – тек оқырмандар үшін емес, бүкіл қоғам үшін маңызды. Себебі кітап – мәңгілік құндылық. Ал сол құндылықты бағалай білетін ел – алға басатын ел.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
مى نە دوپۋستيم رەزكوگو روستا تسەن نا بەنزين – مينيستر ەنەرگەتيكي
Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі
Мы не допустим резкого роста цен на бензин – министр энергетики
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki