Автор: ADMIN
«Қазақфильм» демалыс орнына айналады: музей, кинотеатр және жаңа тыныс
Танымал киностудия – енді тек фильм түсіретін алаң ғана емес. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильмді» заманауи отбасылық демалыс орталығына айналдыру жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Президент қол қойған жаңа заңға сәйкес, енді киностудия киноиндустрияны дамытуға бөлінетін қаржының 30%-ын тікелей алып, өз жобаларын еркін жоспарлай алады. Бұл – қаржылық дербестік пен шығармашылық еркіндікке жол ашады.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта студия аумағында жеке кинотеатр, ашық жазғы кинотеатр, музей, тақырыптық дүкендер мен өзге де демалысқа арналған нысандар салу жоспарлануда.
— «Қазақфильмнің» жері ешкімге сатылмайды және берілмейді. Ол тек студияны дамыту үшін ғана пайдаланылады, — деп нақтылады Аида Балаева.
Отандық киноның жүрегі енді отбасылық демалыстың жаңа мекеніне айналмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo