Автор: ADMIN
Ұлы Жеңіске тағзым: Қазақстанда 500-ден аса көше соғыс ардагерлерінің есімімен аталатын болды
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстанда ел үшін от кешкен батырлардың есімін ұлықтайтын маңызды шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында елдегі 500-ден астам көшеге ҰОС ардагерлерінің есімі берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Президенттің айтуынша, бұл шешім — тек тарихи әділеттілікті қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар жастарды отансүйгіштікке баулудың нақты қадамы. Ардагерлердің ерлігі — ел жадында сақталуы тиіс асыл мұра.
“Бұл көшелерге, әсіресе, бұрын атауы болмаған немесе қайталанатын атаулардағы жерлерге батырлардың есімдері беріледі. Бұл — Ұлы Жеңіске және оның қаһармандарына көрсетілген құрметтің айқын көрінісі”, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде елде екі мыңнан астам мәдени, ғылыми және ағартушылық шаралар өткізіледі. Мерекелік шаралар легі ауқымды әскери шерумен қорытындыланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Apple вновь стала самой дорогой компанией в мире
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire