Автор: ADMIN
Абу-Дабиден Алматыға – жазда жаңа рейс ашылады!
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әуе қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі. 1 маусымнан бастап Air Arabia Abu Dhabi әуекомпаниясы Алматыға тікелей рейстерді іске қосады. Бұл жаңалық халықаралық саяхаттарды ұнататындар үшін жағымды жаңалық болмақ, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалатын рейстер Абу-Даби мен Алматыны тікелей байланыстырады. Бұл бағыт арқылы тек туризм емес, сонымен қатар іскерлік және инвестициялық байланыстар да арта түспек.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл бастама Қазақстанның әуе кеңістігін кеңейтіп, халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында қолға алынған.
Air Arabia Abu Dhabi – Әмірліктердің белсенді дамып келе жатқан әуекомпанияларының бірі. Енді олардың бағытына Қазақстан да қосылып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін 1 мамырдан бастап QazaqAir Өзбекстанға жаңа бағыт ашатынын хабарлаған. Ал сол күннен бастап Таиландқа кіру ережелері де өзгереді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı