Автор: ADMIN
1 трлн теңгеге туризм: Қазақстанда демалыс форматы түбегейлі өзгереді
Қазақстанда туристік сала жаңа қарқын алғалы отыр. 2027 жылға дейін елімізде жалпы құны 1 триллион теңгеге бағаланған 181 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Бұл тек демалыс орындарының саны артады деген сөз емес – бұл салада 800 мың жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Агро және эко-туризмге ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе ауыл-аймақтарда туристік қызмет түрлері кеңейіп, 10 мыңға жуық ауыл тұрғыны жұмысқа орналасуы мүмкін.
Туризм мен цифрландыру қатар жүретін уақыт келді. Енді елдегі бүкіл туристік инфрақұрылым бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіріледі. Сапарды жоспарлау, қонақүй брондау, көлік және байланыс – барлығы бір платформа арқылы басқарылады.
Kazakhstan.travel – қазірдің өзінде 8 тілде қолжетімді туристік портал. Әуежайларда QR-код жүйесі енгізіліп, eQonaq платформасы арқылы келушілерді тіркеу жүріп жатыр.
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, алдағы уақытта ұялы байланыс операторлары, электронды төлем жүйелері сияқты қызметтер де осы цифрлық жүйеге қосылады. Бұл – туристер үшін барынша ашық әрі қолайлы орта қалыптастырады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Эпоха личных AI-агентов и суверенитет Казахстана: главные тезисы Дона Тапскотта
Қырғызстанда блогерлер 5 жылға салықтан босатылады
Последние новости
Эпоха личных AI-агентов и суверенитет Казахстана: главные тезисы Дона Тапскотта
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?