Автор: ADMIN
Ұрпақ ұмытпасын: «Батырларға тағзым» онлайн-порталы іске қосылды
Қазақстанда майдангерлер ерлігін мәңгі есте сақтауға арналған жаңа цифрлық алаң іске қосылды. «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал өз жұмысын бастады. Бұл – болашақ ұрпаққа Ұлы Жеңіс тарихын жеткізетін, батырлар рухына тағзым ететін жалғыз әрі маңызды жоба, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі қолға алған порталда 677 мыңнан астам ардагер туралы мәліметтер жинақталған. Олардың қатарында:
• 365 Кеңес Одағының батыры;
• 4 екі мәрте Кеңес Одағының батыры;
• 19 «Даңқ» орденінің иегері бар.
Неге бұл портал маңызды?
• Жеке тарихты қосуға болады: кез келген қолданушы өз ата-әжесінің соғыс жолы туралы ақпаратпен бөлісе алады;
• Фотосуреттер жүктеу мүмкіндігі бар – отбасылық мұра онлайн мәңгілікке сақталады;
• Ардагерлер туралы жаңа деректерді енгізуге жол ашық;
• Батырлар галереясы – ерлікке толы өмірбаяндар бір жерде топтастырылған;
• Жаңалықтар легі – ардагерлер мен жобаға қатысты тың мәліметтер үнемі жаңарып отырады.
Портал – тек естелік қана емес, ел тарихын ұрпақ санасына сіңіретін, батырларға лайықты құрмет көрсететін ашық платформа.
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында елімізде 200-ден астам ірі іс-шара өтпек. Ал цифрлық бастама – соның ішіндегі ең мазмұндысы деуге болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı