Автор: ADMIN
Бүгін – Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні

Бүгін елімізде табиғатты жаңғыртуға арналған ерекше күн – Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні өтуде. Бұл күні елдің түкпір-түкпірінде ағаш отырғызу, гүлзарлар мен саябақтарды көгалдандыру және «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақтарды тазарту шаралары ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі де Қызылжар орман шаруашылығы аумағында көшет отырғызу акциясын өткізді. Іс-шараға жалпы саны 150 адам қатысып, 2000 дана жас көшет жерге отырғызылды.
Орман және өсімдіктер әлемінің өндіру және пайдалану басқармасының бас сарапшысы Бақдәулет Амангелдиновтың айтуынша, бүгінгі акцияның басты ерекшелігі – тек қоқыс жинау емес, жаңа өмір бастауы болатын ағаштарды отырғызу.
«Болашақта мұндай экологиялық бастамалар тұрақты түрде жалғасын табады. Өңірлердегі ағаш отырғызу жұмыстары ауа райына қарай әртүрлі уақытта басталады. Мәселен, оңтүстік өңірлерде көктем ерте келетіндіктен көшет отырғызу жұмыстары ерте басталды», – дейді сарапшы.
Айта кетейік, Қазақстан 2030 жылға дейін орман алқабын 13,7 миллион гектардан 14,5 миллион гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа жету үшін 7 жыл ішінде шамамен 1 миллион гектар жаңа орман пайда болмақ.
Мемлекет басшысының бастамасымен мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасы қойылған. 2021 жылдан бері ел көлемінде 736 мың гектар жерге 1 миллиард 150 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Биылдың өзінде 205 мың гектарға 306 миллион ағаш егілген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Astanada “Ortalıq Aziya – Italiya” sammiti bastaldı

Алматы 5 аймаққа бөлінеді: Қала қайда және қалай дамиды?

Астанада “Орталық Азия – Италия” саммиті басталды
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет