Автор: ADMIN
Оралда полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
Оралда полицейлер өз өмірлерін қатерге тігіп, төртінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Түнгі уақытта Кердері көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындары полицияға шұғыл хабарласқан. Оқиға орнына патрульдік полицияның бірнеше экипажы дереу жеткен.
Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен байланыс орнатып, оның ойын басқа жаққа бұруға тырысқан. Ал капитан Берік Сиязбаев, лейтенант Фархат Ғалиев және аға лейтенант Мирас Каримуллин үшінші қабат арқылы балконға көтеріліп, төртінші қабаттағы әйелді дәл уақытында ұстап үлгерді. Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды.
Әйел қазір дәрігерлердің бақылауында. Полицейлердің батылдығы мен шапшаңдығы көпшіліктің алғысына бөленді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo