Автор: ADMIN
Алматыда жастар соғыс ардагерлерінің зиратын тазарту жұмыстарын бастады
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Кеңсай зиратында тазарту және абаттандыру акциясы басталды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Кеңсай зираты – екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен еліміздің көрнекті тұлғалары жерленген қасиетті орын. Мұнда Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры әрі Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы сынды ұлы тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан.
Игі шараға шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері мен еріктілер қатысты. Олар зират аумағын ретке келтіріп, тазалау жұмыстарын жүргізді және батырлардың рухына тағзым ретінде гүл шоқтарын қойды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – өткенге құрмет көрсету, майдангерлердің ерлігін ұлықтау және жастардың тарихи санасын қалыптастыру.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı