Автор: ADMIN
Қазақстанда тағы бір бағытта әйелдер вагоны іске қосылды
1 маусымнан бастап “Орал – Маңғыстау” бағыты бойынша қатынайтын пойызда арнайы әйелдер вагоны жұмыс істей бастады. Бұл туралы Shalqar.kz “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа қызметтің арқасында елімізде әйелдер вагоны бар бағыттардың саны 12-ге жетті. Мұндай вагондарда билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсетуді арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер атқарады. Сонымен қатар, жеті жасқа дейінгі ұл балалардың анасы немесе қамқоршысымен бірге жүруіне рұқсат етіледі.
Әйелдер вагонынан орын алғыңыз келсе, вокзал кассасында арнайы сұраныс жасауыңыз керек немесе bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып ала аласыз. Онлайн брондау кезінде “ӘВ” белгісіне назар аудару қажет.
Билеттер пойыздың қозғалуына 45 күн қалғанда сатылымға шығады, бұл сапарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Бүгінде әйелдер вагондары келесі бағыттарда қатынайды:
• Алматы – Маңғыстау (№77/78, №351/352),
• Павлодар – Түркістан (№45/46),
• Маңғыстау – Семей (№37/38),
• Атырау – Астана (№47/48),
• Ақтөбе – Алматы (№33/34, №24/23),
• Астана – Алматы (№4/3),
• Астана – Шымкент (№71/72),
• Астана – Семей (№354/353),
• Алматы – Шымкент (№25/26),
• Орал – Маңғыстау (№614/613).
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı