Автор: ADMIN
Қазақстанда алғашқы робот-дәрігер қатерлі ісікке қарсы күреске шықты
Қазақстан медицинасында тарихи оқиға! Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) дәрігерлері елімізде тұңғыш рет робот көмегімен онкооперация жасады. Жоғары технологиялық құрылғы — Sage bot SR-2000 арқылы күрделі ота сәтті аяқталған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл бірегей операция онкологиялық дерттің ауыр сатысында жүргізілді. Мамандар бүйрек, бүйрек үсті безі және зақымданған лимфа түйіндерін толық алып тастаған.
Роботтандырылған хирургияның артықшылықтары қандай?
• Ісікке барынша дәл әсер ету;
• Тіндерге зақым аз тиеді;
• 3D-визуализациямен нақты көрініс алынады;
• Микрожабдықтардың маневрлігі жоғары;
• Дәрігерлердің физикалық жүктемесі азаяды;
• Пациенттер үшін қауіпсіздік жүйелері жетілдірілген.
ҚазОРҒЗИ директоры Ербол Бекмұхамбетов бұл жетістікті отандық онкохирургияда жаңа дәуірдің бастауы деп атады:
«Біз ең озық технологияларды пайдалана отырып, ауыр дертке шалдыққан науқастарға жоғары деңгейдегі көмек көрсетеміз. Бұл – Қазақстандағы онкологиялық емдеудің жаңа кезеңі».
Бұл операция Қазақстан медицинасының дамып келе жатқанын және әлемдік деңгейге ұмтылысын тағы бір дәлелдеді. Енді отандық пациенттерге заманауи әрі тиімді ем түрлері қолжетімді бола түспек.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Perekrıtie Ormuzskogo proliva: çto jdet rınok nefti
پەرەكرىتيە ورمۋزسكوگو پروليۆا: چتو جديوت رىنوك نەفتي
Ормуз бұғазы жабылды: мұнай нарығына қауіп төндіруде
Последние новости
Ormuz bwğazı jabıldı: mwnay narığına qauip töndirude
ورمۋز بۇعازى جابىلدى: مۇناي نارىعىنا قاۋىپ توندىرۋدە
Perekrıtie Ormuzskogo proliva: çto jdet rınok nefti