Автор: ADMIN
Қауіпсіздікке қадам: Енді дәрігерлер видеожетон тағады

Қазақстанда дәрігерлер мен медбикелердің қауіпсіздігін күшейту үшін жаңа жүйе енгізіледі — енді медицина қызметкерлері видеожетон тағып жүретін болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министрдің сөзінше, видеожетондар алғаш болып жедел жәрдем қызметкерлеріне беріледі. Жоба Астана мен Алматыда сынақтан өтіп үлгерген. Енді жыл соңына дейін өзге қалаларға да таратылады. Ал келесі кезеңде емханалар мен амбулатория дәрігерлері мен медбикелер де бұл құрылғылармен қамтылады.
“Қазір бұл жүйе бойынша бұйрық бекітілді. Келесі кезекте емханалық буын – дәрігерлер мен медбикелердің қауіпсіздігі үшін жетондарды енгізуді қолға алып жатырмыз”, – деді министр үкімет отырысында.
Видеожетондар медицина ұйымдары мен жергілікті әкімдіктер есебінен сатып алынады. Жобаны толық іске асыру үшін алдымен заңнамалық өзгерістер қажет. Министрлік бұл жұмысқа шамамен үш ай уақыт кететінін айтады.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі қызмет барысында дәрігерлерге қол көтерген азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізіп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ۇلتتىق ەلەكتروندى كىتاپحاناعا سۇرانىس كۇرت ارتتى — 44% وسىم

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى