Автор: ADMIN
Қазақтың қазаны әлем назарында: Ұлттық асханамыз ТОП-100-ге енді
Қазақтың дәмі — енді әлем мойындаған бренд! TasteAtlas халықаралық гастрономиялық платформасы жариялаған «Әлемнің үздік 100 асханасы» рейтингінде Қазақстан 94-орынға жайғасты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл тізімге әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық тағамдары енген. Сарапшылар ас мәзірінің алуан түрлілігі, жергілікті өнімдердің сапасы мен ұлттық ерекшеліктерге басымдық берген.
«TasteAtlas-тың бұл тізімі — жай ғана рейтинг емес, бұл мәдени танылу. Қазақтың ет пен нанға негізделген қарапайым, бірақ қуатты тағамдары енді халықаралық деңгейде мойындалуда», – делінген жарияланымда.
Рейтингтегі үздік қазақ тағамдары:
• Бесбармақ
• Қазы-қарта, жал-жая
• Баурсақ
• Кеспе мен лағман
• Шұжық
• Құрт пен сары май
• Шелпек, тоқаш, майпалау
TasteAtlas ұлттық тағамдарды дәм татып бағалаумен қатар, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларындағы үздік мейрамханалар мен дәмханаларды да атап көрсеткен.
Бұл рейтингтегі орнымыз — жай сандар емес. Бұл — ұлт тарихын, дастархан дәстүрін әлемге танытудың жарқын қадамы.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
تجم: بيىل سۋعا كەتكەندەردىڭ كوبى تىيىم سالىنعان جەردە كوز جۇمعان
Apple қайтадан әлемдегі ең қымбат компания атанды
Последние новости
Apple qaytadan älemdegi eñ qımbat kompaniya atandı
Apple قايتادان الەمدەگى ەڭ قىمبات كومپانييا اتاندى
Apple vnov' stala samoy dorogoy kompaniey v mire